Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

ОБЛЫСТЫҚ «ИДЕЯЛАР ХАКАТОНЫ» КОНКУРСЫ

2022 жылдың 30 мамырында Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің базасында "Идеялар хакатоны" конкурсы өтті. Конкурстың тақырыбы: «2022 жыл -

Қазақстандағы балалар жылы». Конкурстың негізгі тапсырмасы: әр команда бес сағаттың ішінде аталған тақырып бойынша бір кейсті таңдап, атап айтқанда веб сервис, мобильді қосымша және 3D модельді әзірлеу мүмкіндігі берілді. Арқалық политехникалық колледжінің командасы әлеуметтік маңызы бар жоба төңірегінде, балалардың ойын және дамыту алаңын жасап шығарды. Конкурстың нәтижесі бойынша біздің команда І орынға ие болды. Команда жетекшісі: өндірістік оқыту шебері Ахмет Тоғжан Мақсұтжанқызы және білім алушылар Омаров Ғайни, Жылқыбай Сұңқар.

Жоғары нәтиже көрсетіп, облыстық деңгейде колледж атағын биіктеткен оқытушымыз бен білім алушыларымызға алғыс айтамыз және жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

      

      

       

 

Облыстық конкурстың фото галереясы https://cloud.mail.ru/public/Tm1i/GGE7ojTt1