Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазақстанда да жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. 

29 қыркүйек күні Арқалық политехникалық колледжінде қарттар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Колледжге елеулі еңбегі сіңген зейнеткерлер мен білім алушылардың ата-әжелеріне арнайы ақ дастархан жайылып,  концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.