Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

21/11/2024  Бейсенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі - деген екен дана халық.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту» күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай, студенттердің сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында Арқалық политехникалық колледжінде «Ризамын саған» акциясы ұйымдастырылды. Акциянын ашылуы салтанатты жиынмен басталса, әрі қарай бір апта бойы түрлі іс-шаралар өтті. Атап өтсек, студенттер микрофон арқылы алғыстарын білдіріп, тілектерін жеткізді, талантты студенттеріміз Арқалық қалалық балалар үйіндегі балаларға өнерлерін көрсетіп, сыйлықтарын табыс етті.«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», - дегендей қайырымдылық адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, балаға шын жүрегімен көмек көрсеткен Акмагамбетова Айсулу, Асылбекова Хадиша, Мырканов Канат Смагзамович – жеке кәсіпкерлер және жастар орталығының маманы Қияшов Дүйсен Қуанышбекұлы қолдан келген көмектерін аямады. Ал енді ең ауқымды іс-шараға келіп тоқтайтын болсақ, колледжімізде «Ризамын саған» атты студенттер мен ұстаздар арасында ән байқау өтті.

Бұл мерекенің қадірлі қонақтары, қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған студенттерімізге қол ұшын беруге ат салысып отырған ұстаздар қауымына айтар алғысымыз шексіз. Колледжіміздің талантты студенттерімізбен қатар, өнер десе қанатын өрге сүйрейтін өнерпаз ұстаздарымыз сахнада өз шеберліктерін көрсетті. Женімпаздарымыз мадақтамамен бірге ақшалай сыйлыққа ие болды. Айта кетсек, 1-ші орынға ие болған МЗ - 33 тобының жетекшісі Ахметова Маржан Кемелбекқызы мен Тұрсынбай Ерлан марапатталса, 2-ші орын жатақхана меңгерушісі Ауезов Жомарт Сүйіншалыұлы мен Бәдіров Азамат ие болып, 3-ші орынға ОП- 37 тобының жетекшісі Бекеева Дидар Хамитовна мен «Жігіттер» тобы марапатталды.

Колледжімізде өтіп жатқан қайырымдылық акциясына шерменде болған жүрекке, жылулық сәулесін шашқан, балаларға қол ұшын береміз деген ыстық ықыластарыңыздан бақ, ойларыңыздан саналы сезім, мұқтаж жандарға қамқорлығын аямаған сіздердей азаматтарға алланың нұры жаусын демекпіз.

 

Арқалық политехникалық колледжінің әлеуметтік педагогы Искакова Майра Болатовна