25 қазан Республика күні қарсаңында “Менің елім- менің туым” атты патриоттық акциясы өткізілді.
Акцияға жоғары оқу орны мен колледждердің белсенді студенттері қатысты.
Іс-шара барысында қала әкімі Әмірхан Біркенұлы құттықтау сөз сөйледі.
Ту көтеру мәртебесі қаламыздың мақтаныштары Республика және Азия чемпиондары Александр Александрович пен колледжіміздің студенті Саян Есімсеріұлына берілді.
Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын! 🙌