25 қазан Республика күніне орай, Арқалық политехникалық колледжінде «Заманауи Қазақстанның жастары қандай болуы қажет?» тақырыбында 1 курс білім алушылары арасында пікір сайыс өтті.
Пікір сайыс АПФ форматында өткізілді.
Мақсаты: білім алушыларды патриотизмге, ұлтжандылық қасиеттерге, Жаңа Қазақстан құрудағы құндылықтар туралы ой қозғауға, сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамытуға,
еліміздегі жастар мәселесіне назар аударту болып табылады.
Пікір сайыста «Ақиқат» және «Аманат» екі фракция жұмыс жасады.
Фракция спикерлері өздеріне қойылған талаптарға сай сөз шеберлігін көрсетіп, ойын соңында марапатталды.
Төрешілердің шешімімен «Аманат» фракциясының спикерлері Кужекова Нұрсая мен Жақсылық Данабек 1 орынды иеленсе, «Ақиқат» фракциясының спикерлері Ақсүйін Ербол мен Сағадатұлы Нұрділдә 2 орынды иеленді.