Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

30 қазан және 6 қараша күндері аралығында «Қызмет көрсету саласы пәндері» топтамалық әдістемелік комиссияның апталығы өтті. Апталық барысында түрлі ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті. Атап айтсақ:

  • «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы ПК-21 тобының білім алушыларымен Нұргүл Бауыржанқызының өндірістік оқыту пәнінен ашық сабағы өтті. Ашық сабақта «ППП» әдісі қолданылды. Сабақтың тақырыбы: «Қабыршақты және қабыршақсыз балықтарды механикалық өңдеу» болды. 30.10.23ж.

  • 31 қазан күні «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығының ОП-21 тобының білім алушыларымен «Жүйелік блокты пайдалану ережелері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақта білім алушылар мамандыққа деген қызығушылығы мен білімдерін көрсете білді.

  • «Мамандығым мақтанышым» атты Жұмақан Таңшолпан Нұрланқызының ұйымдастыруымен өткен сыныптан тыс іс шарасына ОП-11 тобының білім алушылары белсенді қатысты. 31.10.23ж.

  • 1 қараша күні колледжімізде «Жақсылық жасауға асығайық» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жәрмеңке жақсы жоғары деңгейде өтті. Жәрмеңкеде әр мамандық бойынша өз қолдарынан жасаған бұйымдар мен тағамдар сатылды. Тұтынушылардың құрамында білім алушылар, оқытушылар, сонымен қатар колледж қызметкерлері болды. 

  • 1 қараша күні Руденко Алексей Владимирович және Асылбекова Ақмаржан Сапарқызының ұйымдастыруымен «Профессия повар: современность и история» тақырыбында сыныптан тыс іс шара өтті. Іс-шара барысында 1 курс білім алушылары мамандық бойынша сұрақтарға жауап беріп, қызықты ойындар арқылы сайысқа түсті.

  • «Ақша жүйесінің элементтері» тақырыбында Қоқашова Гүлден Ақзабайқызының өткізген ашық сабақта ОП-21 тобының білім алушылары белсенді қатысты. Сабақта заманауи электронды технологиялар жақсы деңгейде пайдаланылды. 2.11.23ж.

  • 2 қараша күні Дюсюкова Асем Турмановна ұйымдастыруымен колледжіміздің акт залында сыныптан іс-шара өткізілді. Іс-шараға 3 курс білім алушылары, П-31 тобы белсенді қатысып, өз ісінің маманы екендерін дәлелдеді. Аталған шара әдемі әуенмен аяқталды.

  • 3 қараша күні «Шалбар түймеліктерін өңдеу» тақырыбында Жапаргалиева Асемгуль Жаксылыковнаның ашық сабағы өткізілді. Ашық сабаққа МЗ-31 тобының білім алушылары қатысты. Сабақта шалбар макеті салынып, сындарлы технология түрлері қолданылды.

  • 3 қараша күні Нұрманбетова Алтынай Сабитбекқызы және Сейдалы Қарагөз Аманқызының ұйымдасытруымен «Экскурсия сабақ» өтті. З-01 тобының білім алушылары Аңғар ауылына барып мамандықтың жаңа қыр сырларымен танысты.

Апталық соңында «Қызмет көрсету саласы пәндері» топтамалық әдістемелік комиссияның төрайымы Ахмет Т.М сөз сөйлеп, білім алушыларға мақтау қағазын табыстады.

WhatsApp Image 2023 11 06 at 12.26.52

WhatsApp Image 2023 11 06 at 12.26.52 1

WhatsApp Image 2023 11 06 at 12.26.53

WhatsApp Image 2023 11 06 at 12.26.53 2

WhatsApp Image 2023 11 06 at 12.26.54

WhatsApp Image 2023 11 06 at 12.26.55