Арқалық политехникалық колледжінде «Ата-ана мен колледждің ынтымақтастығы» тақырыбында жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде 3 сұрақ қарастырылды.
«Ата-аналар қауымымен бірлескен мерекелерді, спорттық іс-шараларды өткізуді талдау» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А.Алибаева баяндама шеңберінде есеп берді.
«Жасөпірімдердің арасындағы буллинг және құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы Арқалық қаласы Полиция басқармасының Ювеналды жергілікті полиция тобының учаскелік аға инспекторы, майор Байсалбекова Мейрамкуль Жумабековна баяндады. Ата-аналардың сауалдарына жауап берді.
Колледж педагог-психологы М.Б.Искакова «Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында ақпарат берді.