20 қараша күні Арқалық политехникалық колледжінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім қыз балалар арасындағы ерте жуктіліктің алдын алу мақсатында колледж медбикесі Тулебаева Батима Ақансеріқызының ұйымдастырумен қалалық перезентхана емханасының акушер-гинеколог дәрігері Таншолпан Мұратқанқызымен кездесу өтті. Жиын барысында акушер-гинеколог «Ерте жуктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жуктілік немен қауіпті?» деген сауал төңірегіне ой қозғап, жасанды түсік – болашақта бала сую мумкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, денсаулыққа зиян екендігі туралы тусіндіріп, қыздармен пікір алмасты.