Арқалық политехникалық колледжінде әдістемелік жоспарға сәйкес «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау Критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында шебер сынып ұйымдастырылды. Әдіскер Жиенбаева С.А. білім беру жүйесінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолдану бойынша әдістемелік ұсыныс беріп барлық оқытушыларға бағалау парағын үлгі ретінде ұсынды. Жоғары санатты биология пәнінің оқытушысы Нұрманбетова А.С. өз сабағынан мысалдар келтіріп, бағалаудың түрлерін көрсетті.