1 желтоқсан - Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай колледж медбикесі Б.А. Тулебаеваның ұйымдастыруымен «Біз СПИД-ке қарсымыз» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: білім алушылар ЖИТС туралы білімдерін қалыптастыру, ЖИТС проблемасын түсіндіру, АИТВ-ға төзімділік және жұғу жолдары туралы білімдерін нығайта отырып, жұқпалы аурулардан бойларын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтының ұстанымын қалыптастыру болды. «Біз СПИД-ке қарсымыз» акция айналасында білім алушыларға ақпараттық стендке тематикалық плакаттар ілініп, ақпарат құралы - телевизор арқылы бейнероликтер көрсетілді. Білім алушыларға штрих код арқылы түсіндірме буклеттер таратылды.