2023 жылы 4 желтоқсан күні Арқалық политехникалық колледжінде «Жалпы білім беретін пәндері» топтамалық әдістемелік комиссиясының жоспарына сәйкес
«Білімді ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты: білім-тәрбие жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқытушылардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Салтанатты жиында «Жалпы білім беретін пәндер» топтамалық әдістемелік комиссиясының төрайымы Хасенова С.А. онкүндік жоспарымен таныстырып, білім алушыларды онкүндік аясында өткізілетін іс-шараларға белсенділік танытуға және білімді жастар екендігін көрсетуге шақырды.