Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

🔴 5-ші ЖЕЛТОҚСАН - ВОЛОНТЁРЛЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🥳 «Волонтерлік – жүрек қалауы» атты іс-тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды. Іс-тәжірибе алмасудың мақсаты: Қаламыздағы колледждердің волонтерлер қозғалысын насихаттау және дамыту болып табылады. Іс-тәжірибе алмасудың міндеттері: - қала колледждерінің волонтерлік бірлестіктерінің өкілдері үшін қарым – қатынас пен өзара іс – қимылдың, тәжірибе алмасудың бірыңғай өрісін құру; -волонтерлік қызметке қатысу үшін жастардың ынтасын арттыру; -жастардың белсенді өмірлік ұстанымдарын дамытуға жәрдемдесу, оларды әлеуметтік маңызды қызметке тарту; Іс-тәжірибеге қатысу шарттары: Іс-тәжірибеге 7-10 адамнан тұратын делегация құрамында жастар қатысады; қала колледждерінің волонтерлік бірлестіктері мен студенттік белсенділерінің өкілдері. Әрбір делегацияға бірлестік басшысы немесе білім беру ұйымының өкілі ілесіп жүреді. Іс-тәжірибеге қатысу үшін әр оқу орны төменде көрсетілген материалдарды толық әкелуі қажет: 1. Әр оқу орны өз жетістіктерін таныстыру керек, презентация. 2. Тренинг (ойын түрінде болу керек). 3. Волонтерлардан бір сазды нөмір (ән, би, өз еріктерінде). Іс - шара соныңда әр оқу орны Алғыс хатпен марапатталды.