«Жалпы білім беретін пәндер» топтамалық әдістемелік комиссиясының онкүндік жоспарына сәйкес «Туған тіл-қыдырың» тақырыбында қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушысы Балмашева Бағила Кенжеғарақызы 1 курс білім алушылар арасында колледжішілік әдеби сайыс өткізді.
Мақсаты: білім алушылардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру.
Әдеби сайыс келесі кезеңдерден тұрды:
1. «Менің тобым осындай»
2. «Өнерге әркімнің де бар таласы»
3. «Сәулең болса кеудеңде»
4. «Тапқыр болсаң, талап көп»
5. «Ата мұра – асыл қазына».
Әдеби сайыс ұйымдасқан түрде қызықты, тартымды өтті.Іс-шара соңында қатысқан топтар марапатталды.
I орын Э-11 тобы;
II орын ТО-11тобы
III орын ОП-11тобы
IV орын ПК-11 тобы.