14 желтоқсан күні Арқалық политехникалық колледжінің №1, 2 жатақханаларында Тәуелсіздік күніне орай "Желтоқсан - тәуелсіздік жаңғырығы" және "Бабаларым аңсаған тәуелсіздік" атты поэзиялық кештері өтті. Іс-шаралардың мақсаты: - Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, білім алушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. - Білім алушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. - Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.