«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекетік мекемесі және «Социум и Я» қоғамдық ұйыммен бірлесіп, «Студенттердің бастамаларын қолдау орталығының қызметін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыру мақсатында 14 желтоқсанда Қостанай облысының "ТОП-10 колледж студенттері" байқауын ұйымдастырған болатын.
Аталған сайысының қорытындысы бойынша "Жас зерттеуші" номинациясының жеңімпазы дипломымен Арқалық политехникалық колледжінің 2 курс студентті Нурмихаметов Ринат марапатталды👏.
Байқаудың мақсаты: студенттердің оқу, кәсіби және әлеуметтік жетістіктерге жетудегі күш-жігерін қолдауға және тануға бағытталған.
Ринатқа жетекшілік жасаған оқытушы Тургаев Болат Бапарұлына алғысымызды айтамыз.