20 желтоқсан күні Арқалық политехникалық колледжінде «Жалпы білім беретін пәндері» топтамалық әдістемелік комиссиясының онкүндік аясында Э-11 тобында биология пәнінің оқытушысы Нурманбетова Алтынай Сәбитбекқызы «Ферменттер белсенділігіне әсер ететін факторлар мен жағдайлар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы ақпарттық технологияны толық меңгерген. Сабақ барысында оқытудың тиімді әдіс-тәсілінің бірі -Блум таксономиясы:
1).Білім;
2) Түсіну;
3) Қолдану;
4) Талдау;
5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
6) Бағалау критериилерін қолданды.
Білім алушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету, алған білімдерін пайдалана отырып, қорытынды жасауға дағдыландыру бойынша тапсырмалар орындалды. Оқытушы жаңа ізденіспен, шығармашылықпен жоғары деңгейде ашық сабақ өткізілді.