25 қараша - 10 желтоқсан айы аралығында өткен «Әйелге қатысты зорлық -зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» атты республикалық акциясы қорытындыланды. Арқалық қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі О. Баймурзин, Арқалық қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Т.Балғожин, Арқалық қаласы ПБ ЖПҚб бастығы полиция майоры Д. Байжумин іс-шараларды өткізу барысында белсенділік көрсеткен Арқалық политехникалық колледжінің оқытушылары Искакова Майра Болатқызы мен Байжумина Алданыш Хамитжанқызына алғыс хаттарды табыстай отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.