Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

03/07/2024  Сәрсенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

 

WhatsApp Image 2024 03 11 at 17.30.54

WhatsApp Image 2024 03 11 at 17.30.55

WhatsApp Image 2024 03 11 at 17.30.55 1

WhatsApp Image 2024 03 11 at 17.30.55 2

WhatsApp Image 2024 03 11 at 17.30.56

WhatsApp Image 2024 03 11 at 17.30.56 1

WhatsApp Image 2024 03 11 at 17.30.57

WhatsApp Image 2024 03 11 at 17.30.57 1

WhatsApp Image 2024 03 11 at 17.30.58

WhatsApp Image 2024 03 11 at 17.30.58 1

WhatsApp Image 2024 03 11 at 17.30.59

Арқалық политехникалық колледжінде 12.01.2024 ж. "Тәжірибе.Жаңашылдық.Шығармашылық"
тақырыбындағы қалалық педагогикалық оқулар өтті
Педагогикалық оқулардың өткізілуі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам.» Қазақстан халқына жолдауы, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» басшылыққа алынып ұйымдастырылды.
2023 жылдың 1 қыркүйегінде тыңдалған жолдаудың негізгі мәселесі білім беру жүйесі, Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керектігін Мемлекет басшысы айқындап жеткізгені бәрімізге белгілі.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу әр педагогтың басты міндеті деп білеміз!
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының арасында өткен педагогикалық оқулардың мақсаты - білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін көтеру, білім алушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы озық инновациялық педагогикалық тәжірбиелерді жинақтау, тәжірибе алмасу.
Педагогикалық оқуларға Жинақталған мақалалардың ішінен жаңашыл деп танылған Арқалық политехникалық колледж оқытушылары Әлімжан Н.Б., Ахмет Т.М.,Сейдалы Қ.А.,Руденко А.В., Қалжанов Н.А., Арқалық медициналық колледж оқытушысы Осипова Э.Х., Қазтұтынушылародағы Арқалық көпсалалы колледжі Касымова Р.С., Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі Нуркенова Г. Д. баяндамалалары тыңдалды.
Педагогикалық оқудың ережесі бойынша оқытушылар өздерінің тың идеяларымен таныстырып, ортаға салу. Өздерінің зерттеп жүрген жұмыстарының өзектілігі, құндылығы, зерттеу мақсаты, нәтижесі, ұсыныстары жөнінде пікірлері тыңдалды. Қатысқан барлық оқытушылар сертификат иеленді.
Біздің мақсатымыз - білім алушыларымызға сапалы білім беріп, соның арқасында жоғары білікті маман даярлау!