Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен Арқалық политехникалық колледжінің студенттерінен құрылған “Жүрек жылуы” еріктілер тобының еріктілері және Арқалық көпсалалы колледжінің студенттерінен құрылған еріктілер тобы, жергілікті полиция қызметкерлері мен бірлесіп отырып жұмыс жүргізілді.
Шанхай кентінде тұратын жер үй тұрғындарына жадынама таратты. Жадынамада егер үй жануарларын иелері қараусыз қалдырып, қағидаларды ұстанбаса 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатыны жайлы ескертілген. Сонымен қатар жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін 120 АЕК айыппұл және 1 жылға бас бостандығын айырылатыны жайлы айтылған.
Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерден барлығымыздың қауіпсіздігімізді сақтай отырып, қараусыз қалған қаңғыбас жануарлардың санын азайту мақсатында өздеріңіздің үй жануарларыңызды өз қамқорлықтарыңызға алып өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймыз!
Ел қауіпсіздігі бәріне қымбат! 01.02.2024