“Техникалық пәндер” апталығы аясында 7 ақпан күні Э-31 тобында «Майлы ажыратқыштарды жөндеу және баптау» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Байгиреев Серік Ғаймоллаұлының ашық сабағы “Bamboozle” бағдарламасы арқылы түсіндіріліп, белсенді оқыту әдістерін тиімді қолдану арқылы өткізілді.
Сабақ барысында МВ-10 майлы ажыратқышы көрнекілік ретінде пайдаланып оған техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілді, білім алушылар сабаққа белсенді қатысты.