Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

03/07/2024  Сәрсенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Group 6

13 ақпан күні Арқалық политехникалық колледжінде Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен, колледжішілік «АПК жұлдызы-2024» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
- білім алушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру,
- әншілік қабілетін, актерлік шеберлігін шыңдау,
- өнерге деген құштарлығын ояту,
- ұстазбен білім алушы арасында тығыз байланыс орнату.
Барлығы қатысушы 7 жұп жанды дауыста, еркін тақырыпта. әндерін орындады. Байқаудың әділқазылары: Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының басшысы, Рухани қазына 2023 жылдың жеңімпазы - Терек Рауан Абдуллажанұлы.
Арқалық қалалық Мәдениет сарайының музыка жетекшісі Абдикаримова Елугүл Алшынбаевна. Колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алибаева Сара Ануарбекқызы шақырылды.
Байқау жоғарғы деңгейде өтті. Әр қатысушы шамаларына орай жақсы ат салысып бақтарын сынады.

«АПК жұлдызы-2024» бас жүлдесін оқытушы Сауле Сакенқызы Э-11 тобының білім алушысы Ғалым Бақтиярмен алды.
Қатысушылар алғыс хаттармен сыйлықтармен марапатталды.