Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

03/07/2024  Сәрсенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Group 7

Арқалық политехникалық колледжінде 21 ақпан күні KРІ бағдарламасы шеңберінде оқытушылар мен білім алушылар жұптасқан «Екі жұлдыз-2024» қалалық ән байқауы өтті. Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі шектелмеді: бір оқытушы және бір білім алушы, ән жанды дауыста айтылды. Қаламыздағы кәсіптік білім беру оқу орындарынан 9 жұп қатысты. Әділ қазылар алқасы музыканың сапалы деңгейде өңделуін, сахна мәдениеті, шығарманы мазмұнына сай жеткізуі және киім үлгісі бойынша бағалады.
Колледжіміздің оқытушылары мен білім алушылары сайыста өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Сайыс өте тартымды өтті. Барлық қатысушылар мен олардың жетекшілері дипломдармен марапатталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Сайыс Гала-концерт қатысушылардың орындауындағы фестивальдың символына айналған «Екі жұлдыз-2024» әнімен қорытындыланды.