Жуырда Арқалық Политехникалық колледжі жатақханасында 5-қабатттың «Алтын кітап» ашылу мерекесі болып өтті. Бұл кітаптың ашылу салтанатына колледждің құрметті зейнеткері Байшева Раушан Капенқызы, тәрбие меңгерушісі Сейткалиева Г.Б., жатақхана меңгерушісі Ауезов Ж.Ш.және Хамзина С. М., Абдрахманова С.Ж., сияқты қонақтар шақырылып, бұрынғы колледж бітіріп кеткен түлектер мен осы кезде білім алып жатқан студент жастар жарқын сәтке куәгер болды. Алтын кітаптың лентасын қию осы концертке арнайы Астана қаласынан келген құрметті зейнеткер Раушан Капенқызына ұсынылды. Оған себеп бұл колледждің тарихымен жақсы таныс кісі өткен тарих туралы қазіргі болашаққа сыр шертті, барлау жасай отырып бағыт-бағдар берді, салмақты ой тастады. Ең алдымен 2006 жылы Кәсіптік мектеп болып ашылған оқу орны 3 жылдан соң №2 Кәсіптік мектеп болды, ал содан кейін Арқалық Политехникалық колледжі мәртебесіне көтерілді.Келешекте бұдан да зор мәртебеге ие болып, Политехникалық институт болсын деп жүрек жарды тілегін білдірді.