2024 жылдың 18 қыркүйегінде Арқалық политехникалық колледжінің №1 жатақханасында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен алдын алу шараларына бағытталған кездесу өтті.
Толығырақ
50
Іс-шараға Арқалық қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция инспекторлары, полиция капитандары Аменов Алишер Жұманұлы мен Баязи Арман Жылкелдіұлы, сондай-ақ Арқалық ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының кіші жедел уәкілі, полиция сержанты Аманбай Ақжол Русланұлы және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бисенгалиева А. Г. қатысты. Кездесудің басты мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс деңгейінің өсуіне жол бермеу. Шараның соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.