Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

21/11/2024  Бейсенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

2024-2025 оқу жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласының жастарына арналған Арқалық политехникалық колледжінің №2 жатақханасында қыркүйек айында Арқалық қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Қуанышбек Ернұр Жасұланұлының қатысуымен "Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы" атты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларға құқықтық білім беру, олардың заңды құқықтарын терең түсініп, салыстырып, күнделікті өмірде қолдануды үйрету, құқықтық сауаттылықтарын арттыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы олардың саяси санасы мен танымдық белсенділігін дамыту. Сондай-ақ, еліміздің Ата заңын және басқа да заңдарды құрметтеуге тәрбиелеп, патриоттық рухты нығайту болды. Шара барысында білім алушылар өздерінің құқықтық сауаттылығын арттырып, жаңа біліммен бөлісті.