Арқалық политехникалық колледжінде қыркүйек айының 6 жұлдызында әдістемелік кеңес мүшелері арасында № 1 әдістемелік кеңес отырысы өтті. Әдістемелік кеңес тақырыбы: «Жаңа оқу жылында білім беру жүйесінің тиімділігі, Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша міндеттері, жоспарлары». Кеңесте әдістемелік кеңес төрайымы мен хатшысын тағайындады. Күн тәртібіндегі мәсеселер толығымен қамтылды. Яғни әдістемелік кеңес жоспары,топтамалық әдістемелік комиссия жоспары, жас оқытушылар мектебі жоспары,педагогикалық шеберлік мектебі, аттестаттау комиссиясының жұмыс жоспары, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары, Өздік білім көтеру жоспары, өзара сабаққа қатысу кітабы, әдістемелік кеңес құрамын бекіту, аттестаттау комиссиясының құрамын және санат тағайындауға, растауға өтініш берген оқытушылардың тізімін бекіту, ТӘК төрайымдарын бекіту, «Жас оқытушылар мектебінің» құрамын бекіту және жаңадан жұмысқа қабылданған оқытушыларға тәлімгерлер бекіту т.б. Алғашқы отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жыл 2-қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы күн тәртібіне алынды. Себебі биылғы жолдау бойынша 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялануына байланысты колледж оқытушылары басшылыққа алып, осы төңіректе жұмыс жасау тапсырылды. Яғни өз кәсібін жетік меңгерген еңбек адамы, мықты маман даярлауда техникалық және кәсіби білім беру жүйесіндегі оқытушылардың еңбегі артады. Әдістемелік кеңес шешімі оқылып, оқытушылар бір ауыздан қолдап, жылдық әдістемелік жұмыстарына бағыт бағдар алып тарасты.
Әдіскер
Бисенгалиева А.Г
https://apk.edu.kz/kz/novosti/984-ar-aly-politekhnikaly-kolledzh-nde-yrk-jek-ajyny-6-zh-ldyzynda-d-stemel-k-ke-es-m-sheler-arasynda-1-d-stemel-k-ke-es-otyrysy-tt.html#sigProId7398862226